Желшешек ауа арқылы иммунитеті осал кез-келген балаға жұғуы мүмкін.
Биыл Түркістан облысында 169 адам желшешек ауруына шалдыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың басынан бері Түркістан облысында желшешек ауруына 169 адам шалдыққан. Оның 130-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Ауа тамшылары арқылыжұғатын инфекциялы ауру теріде дақты-везикулезді, қызыл бөртпелер пайда болуымен, қышынумен сипатталады.
Желшешек ауруына көбінесе иммунитеті әлсіз, бала-бақша және мектеп жасындағы балалар шалдығады. Аталған дерттің инкубациялық кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) дейін созылады. Дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуімен, әлсіреуімен басталады. Бөртпе бет терісінен, бастың шаш бөлігінде, денеде, аяқ, қолдарда 5-7 мм көлемінде қызыл дақтар пайда бола бастайды. 3-5 күн өткеннен кейін бөртпеніңкөбеюі бәсеңдеп, температура қалыпқа келеді.
Денесінде желшешек пайда болған бала 21 күн карантинде болуы керек. Өзге балалардан оқшаулап, таза ауада көп тынықтырған абзал. Ең алдыменбаланың иммунитетін нығайтқан маңызды.
Үй-жайды ағымдық дезинфекциялау және желдету карантин аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Иммунитеті жоғары, денсаулығы қалыпты бала бұл аурумен ауырмауы да мүмкін. Себебі мықты иммунитет кез-келген ауруға қарсы тұра алады. Сондықтан да баланың уақытылы тамақтануына, ас құрамыныңвитаминдерге бай болуына мән беріңіз.