«Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге инвестицияға 10 жыл мерзімге 12,6%-бен 7 млрд. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.
Түркістан облысында жұмысшы топ жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан және қала әкімшілік аумақтарында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру бойынша жұмысшы топ құрылып, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековпен өңірлерді аралау кестесі бекітілді.
Жұмысшы топ облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС өкілдерінен құралды.
Бүгінде жұмысшы топ аудан, қаралаларды аралап, жергілікті кәсіпкерлерге және жаңадан кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын кеңінен түсіндіруде. Сонымен қатар биыл жаңадан бастау алған «Өрлеу», «Даму» кепілдік қоры – 1» және «Даму» кепілдік қоры – 2» бағдарламаларының талаптарымен таныстыру жұмыстарын жүргізуде.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге инвестицияға 10 жыл мерзімге 12,6%-бен 7 млрд. теңгеге дейін несие беру қарастырылған. Сондай-ақ, кепілдік қоры бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру сомасының 85%-на дейін кепілдендіру қарастырылған.
Айта кетейік, «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «Өрлеу» бағдарламасы аясында осы жылдың 7 айында 181 жобаға жалпы 26,7 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілді.
Қазіргі таңда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Сауран, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында насихаттау жұмыстары жүргізілді. Қалған аудан және қалаларда насихаттау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.