ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 80 көшеге асфальт төселеді

0
316

12 көшеге тас төселеді деп жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 80 көшеге асфальт төселеді

Жетісай ауданында биыл 80 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеу, асфальттау жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бүгін таңда ауданға қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің 13 елді мекенінде біршама ауқымды істер қолға алынған. Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі Сұлубұлақ елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрайтын 6 көшеге, жергілікті бюджет есебінен Қызылтаң елді мекеніндегі ұзындығы 0,94 шақырымды құрайтын Балдаурен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биылғы жылы Сырабат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Сонымен қатар, қазіргі таңда Байдала елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын жолға, Есімов, Қызылтаң елді мекенінде ұзындығы 0,65 шақырымдық жолға, Тазалық, Кемер елді мекеніне қарасты жалпы ұзындығы 1,56 шақырымды құрайтын Азаттық, Табыс, Бағбан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленген.


Жалпы жыл соңына дейін ауданда 80 көшеге асфальт төселіп, 12 көшеге тас төселеді деп жоспарланып отыр.