ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында «Балақай» әлеуметтік сауда дүкені ашылды

0
3 000

Мұндағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында «Балақай» әлеуметтік сауда дүкені ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Амантай» автобекеті жанынан «Балақай» әлеуметтік дүкені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сауда орталығында оқушылардың мектеп формасынан бастап, отбасылық киім-кешектер мен аяқ киімдер, тұрмыстық заттардың кең таңдауы бар. Мұндағы тауарлар базар бағасынан әлдеқайда төмен, 20-30 пайызға арзан сатылып жатыр. Киім-кешектің бұлайша арзан сатылуының себебі - бұл орталыққа тауарлар көршілес елдердің фабрикаларынан тікелей тасымалдануында болып отыр.

Айта кетейік, бүгінде «Балақай» дүкендер желісі Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жұмыс істейді. Енді міне, Жетісай ауданында өз жұмысын бастап отыр. Аудандағы көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созғысы келген дүкен басшылары мұндағы бағалардың көтерілмейтіндігіне уәде беріп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Балақай» әлеуметтік дүкені Түркістан облысының Ордабасы ауданында да ашылған болатын. Аталған ауданда дүкен өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмысын жалғастырып келеді.