Көшеттерді отырғызуға 4 техника және 234 адам жұмылдырылған.
Жетісайлықтар көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Жетісай ауданында ағаш егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы жылдың қараша айында Жетісай ауданы «Шардара орман» МКК-сінен 1764 дана және «Бадам орман және жануарлар әлемін қоғау жөніндегі» КММ-нан 5000 дана көшет әкелінді. Мұнда қарағаш – 1264 дана, үйеңкі – 500 дана, қарағаш– 150 дана, туя –150 дана, емен – 300 дана, верба – 250 дана, терек – 410 дана, үйеңкі – 1000 дана, ясин – 1000 дана, айлант – 740 дана және 1000 дана қаратал бар.
Жалпы, Жетісай ауданы бойынша қараша, желтоқсан айларында көшеттерді отырғызуға 4 техника және 234 адам жұмылдырылып, 6764 түп көшет отырғызылды. Ал қалған 400 түп көшет «Жетісай қызмет» МКК-сінде тұр. Алдағы уақытта көшет отырғызу жұмыстары жалғасатын болады.