ТҮРКІСТАН: Жетісайда тауар тапшылығы болмайды

0
1 033

Шекер, өсімдік майы, қарақұмық секілді тауарлардың бағасы өскен.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда тауар тапшылығы болмайды

Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі арнайы жұмысшы топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын жою, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмауға қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі арнайы жұмысшы топ тарапынан Үкіметтің Қаулысымен бекітілген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде ауданда көкөніс, сүт өнімдері, ет, нан тағы басқа да тауарлар бойынша бағалар негізінен тұрақты, тек сырттан тасымалданатын кейбір тауар түрлері, нақтырақ айтар болсақ, шекер, өсімдік майы, қарақұмық секілді тауарлар бойынша баға өсімі байқалады.


Сала мамандарының мәліметі бойынша Жетісай – облыс аудандары кесіндісінде баға өсімі көрсеткіші бойынша 5–7 орындар аралығында. Жалпы ауданда азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды, азық-түлік тауарларының ауандағы қоры 1,5 – 2 айға жеткілікті, қажеттілігіне қарай толықтырылып та отырады.


Аудан аумағындағы ірі сауда желілері, базарлар мен жергілікті тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде жергілікті атқарушы органдармен арнайы келісімдер жасалынған. Сонымен қатар, Жетісай қаласында ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында бағаның тұрақтануына өз септігін тигізетін үлкен әлеуметтік сауда орталығының ашылуы да жоспарланып отыр.


«Аудан тұрғындарына айтарымыз, «азық-түлік тауарлары тапшы болады» деген негізсіз қауесетке көңіл бөліп, қатты алаңдаудың және азық-түлікті мөлшерден артық сатып алып әбірге түсудің қажеті жоқ екенін ескертеміз», - дейді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.