ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз жолаушы тасымалына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр

0
366

Аталмыш рейдтік тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да аудан аумағында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз жолаушы тасымалына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында заңсыз жолаушы тасымалына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол жүру ережелерін сақтау, такси тұрақжайларды реттеу мақсатында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастамасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен аудандық полиция бөлімі инспекторларының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді.


Шара барысында жұмысшы топ өкілдері тарапынан ауданішілік және ауданаралық, қалааралық бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен жеке такси жүргізушілерінің көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, адам тасымалымен айналысуға берілген рұқсат қағаздарының болуы жіті назарға алынды. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау керектігі, тәртіпке бағынбаған жағдайда қолданылатын заң талаптары түсіндірілді.


Әйтсе де, заң талаптарына бағынбай, біле тұра тәртіп бұзған 9 автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.


Аталмыш рейдтік тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да аудан аумағында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.