ТҮРКІСТАН: Жетісайда жолдардың сапасы қатаң бақылауда

0
381

35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жолдардың сапасы қатаң бақылауда

Тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аудан, қала, аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына жолдардың сапасын жақсартуды, жөндеу жұмыстарын жіті бақылауда ұстауды тапсырған болатын.


Осы тапсырмаға орай соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бірінші кезекте жөнделуі тиіс жолдардың құжаттары жасақталып, ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасы, төселген тастар мен асфальттардың құрамы, қалыңдығы мен енінің ұзындығы, нығыздалу коэфиценті қатаң бақылауға алынған.


Биылғы жылдың өзінде аудандағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 933 млн. теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 27,9 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Сонымен қатар жергілікті бюджет және субвенция есебінен 434,3 млн теңгеге жалпы ұзындығы 11,08 шақырымды құрайтын 10 көшеге, республикалық бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 12 шақырым көшеге орташа жөндеу, 66,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 3,92 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.


2023 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 983,5 млн теңге бағытталып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Одан бөлек, биыл аудандағы қанағатсыз жағдайдағы облыстық маңызы бар 72 шақырым жол, нақтырақ айтар болсақ, КХ-9 «Баққоныс-Мырзашоқы-Жылысу-Қоғалы» 30-44,9 шақырым, КХ-104 «Абыхалық-Баққоныс» 0-8,3 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, КХ-100 «Жетісай-Өзбекстан Республикасының шекарасы» 36-69,3 шақырым және КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» 0-15,5 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу жұмыстары 2025 жылға өтпелі.