Бүлдіршін кәріз суы жиналатын шұңқырға түсіп кеткен.
Жетісайлық 11 жасар Мейрамбек көршісін өлімін құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.
Оқиға 2 сәуір күні сағат 19:40 шамасында Жетісай қаласында болған. А.Қалыбеков көшесінде ойнап жүрген бір топ бала Үйдің маңынан қолдан қазылған кәріз суы жиналатын шұқырға түсіп кеткен 2 жасар бүлдіршінді көреді. Септик іші лас суға тола екен. Бүлдіршін көрінбейді. Әпкесі көмек шақыруға асығып, үйіне жүгіріп кеткен. Көп уақыт күтуге болмайтындығын ұғынған Мейрамбек еш ойланбастан бірден септикке түсіп, лас суға тұншығып жатқан сәбиді құтқарып қалыпты.
Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Ауруханадан ем алып шыққан.
Құтқарушы Мейрамбек Бекназар N2 Ш.Уәлиханов мектебінің 5 сынып оқушысы.
Бүгін Turkistan media орталығында өткен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз мәслихатында сәбиді өлімнен арашалап қалған 11 жасар Бекназар Мейрамбек есімді жас батыр департамент тарапынан бағалы сыйлықпен марапатталды.