ТҮРКІСТАН: Жылғадағы су ұңғымаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
438

Себебі ұңғымылар 60 жылға жуық уақыт алдын бұрғыланған.


ТҮРКІСТАН: Жылғадағы су ұңғымаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Сарыағаш ауданының Жылға ауылдық округінде су ұңғымаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан әкімінің орынбасары М.Байғабұлов ауылдық округке арнайы барып, ауылдық округке қарасты Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендерінің су ұңғымаларының жағдайымен танысты. Содан соң. ауыл тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесуге Жылға ауылдық округінің әкімі, ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысының м.у.а. қатысты.


Бақылау барысында су ұңғымаларына су құбырларының ескіріп, су деңгейі төмендегені анықталған. Себебі ұңғымылар 60 жылға жуық уақыт алдын бұрғыланған. Мән-жаймен танысқан аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта су ұңғымаларына ағымдағы жөндеуден жұмыстары жүргізілетіндігінін атап өтті.


Айта кетсек, Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендеріндегі су ұңғымаларын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржылары қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп,жеңімпаз мердігер мекеме анықталған.