Түркістанда 10 балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды

0
88

Шетелдік мамандар мен жергілікті дәрігерлердің бірлескен жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады.


Түркістанда 10 балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды

Түркістанда Беларусь дәрігерлерінің қатысуымен 10 балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасында Беларусь Республикасынан келген білікті травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты Юрий Лихачевскийдің қатысуымен шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Шетелдік мамандар мен жергілікті дәрігерлердің бірлескен жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады.


Дәрігерлер тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары бойынша оталар жасап, біліктілігін шыңдауда. Бүгінде 10 балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды. Бұл тәжірибе алмасу дәрігерлердің біліктілігін арттырып, жаңа әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік береді.


Қазіргі уақытта аурухананың жарақат бөлімшесінде 31 төсек-орын бар. Оның ішінде 6 орын қалпына келтіру еміне арналған. Ортопедиялық және травматологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеуді жақсарту мақсатында бөлімшеде 5 медициналық акті енгізілген. Жыл соңына дейін мұнда артроскопия әдісі енгізу жоспарланған. Бұл – бала буындарының патологияларын аз инвазивті тәсілмен анықтап, емдеуге жол ашатын заманауи технология.

Бөлісу