Түркістанда 40 адам әкімдікпен соттасып жатыр

0
1 258

Бүгінде Түркістан қаласында жаңа құрылыс нысандарына қажетті жерлерді мемлекеттің мұқтаждығы үшін қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Десе де, жергілікті билік ұсынған бағаға көңілі толмайтындар да бар. Олар бағаны сот арқылы белгілеуге бел буыпты.


Түркістанда 40 адам әкімдікпен соттасып жатыр

Бағалау жұмыстары біткен 161 нысанның ішінде 91 меншік иесінің келісімі толық алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келісім алынған нысан иелерінің құжаттары толығымен бітіп, тұрғын үй нысандарын босатып, бұзу жұмыстары басталып кеткен. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев айтып өтті. Келіскендердің 13-не бұзу жұмыстары басталған. Ал, келісімге келмеген 40 нысанның құжаты заңға сәйкес сотқа жолданыпты. Ал, 30 –ға жуық азаматпен келісім жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, конкурстың нәтижесінде нысандарды бағалау жұмыстарын «Экспо Оценка» ЖШС жүргізуде. Сонымен қатар, нысан иелері бағамен келіспеген жағдайда өз тараптарынан кез-келген лицензиялы мекемеге бағалау жасата алады. Нәтижесінде екі тараптың бағалау нәтижелері сотқа жолданып, заң талаптарына сәйкес шешіледі.

Айта кетейік, кесене маңына «Ұлы дала елі», «Амфитеатр», «Шығысы моншасы», «Су бұрқақ», «Қ.А. Ясауи мұражайы» секілді біршама нысандар салынады.