Түркістанда алғаш рет «Жұлдызай» балалар фестивалі өтеді

0
543

Оның ішінде 829 бала республикалық мәреге жолдама алған.


Түркістанда алғаш рет «Жұлдызай» балалар фестивалі өтеді

Түркістан қаласында алғаш рет «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығы фестивалі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында алғаш рет 1-маусым Балаларды қорғау күні «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығы фестивалі өтеді. Фестивальдің гала концертінде 200-ге жуық талантты балалар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Тамара Асар, Мәдина Сәдуақасова, Рухия Байдукенова сынды эстрада жұлдыздары жас өрендермен қосылып ән шырқайды. Бұл туралы брифингте «Жұлдызай» қорының директоры және жоба авторы Гүлхан Исабаева мәлімдеді.


Фестиваль-байқауға барлығы 5000-нан астам өнерпаз қатысқан. Оның ішінде 829 бала республикалық мәреге жолдама алған. XVII рет өтіп жатқан фестиваль қорытындысы бойынша 165 ерекше бала лауреат атанды. Байқаудың бас жүлдесін Шымкент қаласының «Үміт» көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Айбын Жұмабеков жеңіп алды. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қабілеттерін танытуға мүмкіндік беретін жоба 17 жыл бойы серіктестердің және демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылып келеді.


Айта кетейік. қазіргі уақытта елімізде "Балалар жылы" аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.