Бірқатар азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарлары жеңілдікпен ұсынылады.
Түркістан қаласында «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне орай, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында республика көлемінде «Bereke Fest» акциясы өтеді.
Аталған акцияның мақсаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және халықты сапалы тауарлармен әрі қолжетімді бағамен қамтамасыз ету.
Акция аясында Түркістан қаласындағы төменде көрсетілген сауда орындарында бірқатар азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарлары 10 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.
«Молшылық» супермаркеті – Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, 26;
«Дастархан» супермаркеті – Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 16;
«Халық» гипермаркеті – Түркістан қаласы, Батырбеков көшесі, 6.
Барша Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Bereke Fest» республикалық акциясына қатысып, тиімді ұсыныстарды пайдалануға шақырамыз.


