Түркістанда бюджеттік тестілеудің алғашқы кезеңі өтіп жатыр

0
622

6 мамырдан 30 маусымға дейін жалғасады.


Түркістанда бюджеттік тестілеудің алғашқы кезеңі өтіп жатыр

Түркістандық талапкерлер бюджеттік тестілеудің алғашқы кезеңіне қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуінің бюджеттік кезеңі басталды. Биылғы жылы тестілеу "U-FUTURE" ЖШС-нің базасында онлайн форматта өтуде.

Бюджеттік ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 26 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізіліп, тестілеу 6 мамырдан 30 маусымға дейін жалғасады. Бұл кезеңде тиісті деңгейден көрінген түлектер жоғары оқу орнына бюджеттік негізде оқуға түсе алады. Тест тапсыруға 2 рет мүмкіндік алады. Яғни, осы аралықта екі рет тапсырып, тест барысында алған жоғары баллының сертификаты арқылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік алады. Демек, жоғары оқу орнының студенті атануға болады.

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы "U-Study" тест орталығында өтіп жатқан тестілеуге Түркістан облысының 2 қаласы мен 1 ауданынан, яғни Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар ауданынан оқушылар келіп қатысуда. Облыс орталығында орта білім беру ұйымдарын биыл 2046 оқушы бітіргелі отыр. Олардың ішінде 1337 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Қазіргі таңда қаладан 356 оқушы қатысып, ең жоғары 128 баллды Р. Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің оқушысы, Алтын белгіге үміткер М. Ахмедова жинады.