Түркістанда иесін өлтіріп, көлікті ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

0
1 232

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол әкесінің 26 қаңтар күні өз автокөлігімен жұмыстан шығып, үйіне келмей қалғанын айтқан.


 Түркістанда иесін өлтіріп, көлікті ұрлап кеткен күдіктілер  ұсталды

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол әкесінің 26 қаңтар күні өз автокөлігімен жұмыстан шығып, үйіне келмей қалғанын айтқан. Содан бері із-түзсіз жоғалып кетіпті. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған азаматтың автокөлігі Түркістан қаласының маңынан табылды. Артынша жүргізушіні өлтіріп, мәйітін жасырып қойған күдіктілер де ұсталды. Жастары 25 шамасындағы сезіктілер облыс тұрғындары болып шықты. Олар көлік иесін қалай өлтіргенін және мәйітті қайда тастағанын көрсеткен. Қазіргі таңда осы жәйт бойынша қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптарымен іс қозғалып,сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды.