Түркістанда қалта ұрлығымен айналысып жүрген әйел ұсталды

0
1 413

Түркістанда 35 жастағы баукеспе әйел ұсталды. тергеу барысында оның кем дегенде 4 қалта ұрлығына қатысы бары анықталған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы​на сілтеме жасап.


Түркістанда қалта ұрлығымен  айналысып жүрген әйел ұсталды

Түркістанда 35 жастағы баукеспе әйел ұсталды. тергеу барысында оның кем дегенде 4 қалта ұрлығына қатысы бары анықталған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Қылмыстың ашылуына шаһардағы автобуста 32 жастағы әйелдің әмияны мен ұялы телефонын ұрлатып алуы бастама болған. Түркістанның қоғамдық көлігінде ақшасы не затын ұрлатқан тағы бірнеше тұрғын жергілікті тәртіп сақшыларына арызданған. Түркістан ҚІІБ-ның полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні қолға түсірді. Ол 1982 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің жалпы соммасы шамамен 200 мың теңге көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 жайтына қатысы бар екендігі анықталған.

Қалта ұрысы облыс орталықтарынан Түркістан қаласына келген автобустарда және адам көп шоғырланған жерлерде ұрлық жасаған. Тұрғындардың ұқыпсыздығын пайдаланып күдікті жәбірленушілердің әмияндарын және басқа да бағалы заттарын қолды қылып, оқиға орнынан бой тасалап отырған. Полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне ұрлық болған жерлерде орналасқан бейнебақылау камерасының көмегімен түскен.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.