Түркістанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

0
690

Қалған өтініштер де орындалу үстінде.


Түркістанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

Түркістанда 180 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Яссы» секторының тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Тұрғындардың сауалдарының көпшілігі кәріз жүйесі жайында болды. «Яссы» мөлтек ауданында бүгінде 180 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, 86% жұмысы аяқталған.


Сектордағы жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жобасының 75% жұмысы атқарылған.


Жол саласы бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда, 21 шақырым құрайтын 23 көшеге тас, 5 (6,3 шқ) көшеге асфальт төселді. Одан бөлек, 64 көшеге жарықшамдар орнатылып, 4,4 шақырымды 5 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.


Сондай-ақ №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылмақ.


Басқосу соңында тұрғындар өтініштері бойынша орталық басшысы тиісті мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Тапсырмалар орындалу кестесіне қойылып, жүзеге асатыны жеткізілді.


Жалпы, қала әкімінің «Яссы»секторындағы соңғы кездесуінде 84 мәселе көтеріліп, оның 65-і орындалды. Қалған өтініштер орындалу үстінде.