Түркістанда көпқабатты пәтерлер құрылысы қарқын алады

0
1 639

Құрылысқа жалпы саны 35 техника мен 350-ге жуық құрылысшы жұмылдырылған. Жалпы 11 үйдің сметалық құны 4 102,12 млн теңгені құраса, тұрғын үйлердің аумағы 7,4 гектарды алып жатыр. Құрылысты 6 мердігер мекеме жүргізуде.


Түркістанда көпқабатты пәтерлер құрылысы қарқын алады

«Отырар» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 қабатты әрқайсысы 1, 2, 3 бөлмелі 60 пәтерден тұратын 11 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Құрылысқа жалпы саны 35 техника мен 350-ге жуық құрылысшы жұмылдырылған. Жалпы 11 үйдің сметалық құны 4 102,12 млн теңгені құраса, тұрғын үйлердің аумағы 7,4 гектарды алып жатыр. Құрылысты 6 мердігер мекеме жүргізуде.

Атап айтсақ, №10,12,14-тұрғын үйлерді – «Шұғыла-2002» ЖШС, №11-тұрғын үйді - «Шымкент Құрылыс» ЖШС, №13-тұрғын үйді – «Стройсервис ХХІ» ЖШС, №15,17-тұрғын үйлерді – «Компания Три-А+» ЖШС, №16-тұрғын үйді – «Құрылыс Сервис СК» ЖШС, №18,19,20-тұрғын үйлерді – «Ныш-Ер» ЖШС құрылыс компаниялары салуда. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2019 жылға өтпелі. Сондай-ақ, жеке инвестор «АЖАР-Trade» ЖШС 5 қабатты көппәтерлі 6 ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуде.

Осындай дәйекті ақпарат ұсынып отырған газетіміздің тілшілері құрылыс алаңына арнайы барып, ондағы қызу жұмыс барысымен танысып қайтқан болатын.

- Біздің мекеме №15,17-тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп жатыр. Екі нысанда 55 жұмысшымыз жұмыс жасауда. Пәтерлер жайында айтар болсақ үш подъезде 20 пәтерден, барлығы 60 пәтер болады. Құрылыс материалдардарын Шымкент қаласынан тасымалдаймыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай жертөлесі құйылып болып, тұрғын үй іргесі кірпішпен қаланып жатыр. Ең бастысы сапалы құрылысқа баса назар аударып отырмыз. Құрылыста техникалық қауіпсіздік ережелері қатаң сақталауын қадағалу да назардан тыс қалмақ емес,- дейді шымкенттік «Компания-Три А+» ЖШС құрылыс компаниясының прорабы Е.Утенов.

Аталған мөлтек ауданда 5 қабатты көппәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурсы жариялады. Алдағы уақытта әкімшілік-іскерлік орталығы түсетін қаланың батыс аумағынан, яғни, 640 гектарды құрайтын аймақтан 42 5 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Бұл үйлер қаламызда тұрғын үй кезегінде тұрған сегіз мыңға жуық тұрғындарға өз кезегімен берілетін болады.