Түркістанда қорықшыға шабуыл жасалды

0
577

Шабуылды 10 адамнан тұратын топ жасаған.


Түркістанда қорықшыға шабуыл жасалды

Түркістан облысында «Шардара балық» ЖШС-нің қорықшылық қызметінің қызметкеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 12 наурызында, сағат 23:30 шамасында Шардара су қоймасында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде шамамен 10 адамнан тұратын топ «Шардара балық» ЖШС-нің қорықшылық қызметінің қызметкеріне шабуыл жасады.


Кейін құқық бұзушылық жасалған жерге Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері барып, оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған.


Бүгінге дейін кейбір шабуылдаушылар анықталып, Түркістан ПД Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде.


Шабуыл кезінде қорықшылық қызметінің автокөлігіне материалдық залал келтірілген. Зардап шеккен қорықшы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу