Түркістанда мал ауруларының алдын алу жұмыстары күшейтіледі

0
61

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да назарда.


Түркістанда мал ауруларының алдын алу жұмыстары күшейтіледі

Түркістан облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында мал шаруашылығындағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Кездесуде 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы ветеринария саласының жұмысы қорытындыланып, ақылы қызмет көрсету, мал базарларын залалсыздандыру және ірі қара малын қолдан ұрықтандыру мәселелері қаралды.

Мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 11 мал базарында залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері бекітілген кестеге сәйкес жалпы 30 900 шаршы метр аумақ қамтылды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да назарда. Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру малдың тұқымдық сапасын жақсартып, шаруашылықтардың өнімділігін арттыруға бағытталған.

Ақылы ветеринариялық қызмет көрсету бойынша Мақтаарал, Түлкібас, Шардара және Сарыағаш аудандары жоғары нәтиже көрсетті. Ал экспорттаушыларға ақылы қызмет көрсету бойынша Төлеби, Сайрам және Түлкібас аудандары алдыңғы қатарда.

Жиында көрсеткіші төмен аудандардағы жұмысты күшейту қажеттігі де айтылды. Облыс әкімінің орынбасары ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жауапты мамандарға нақты міндеттер қойды.

Бөлісу