Мемлекеттік Әнұранмен басталған шарада облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев көпшілікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтады.
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығы Түркістан қаласында «Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылықтарымыз» тақырыбында салтанатты жиын өтті, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мемлекеттік Әнұранмен басталған шарада облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев көпшілікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтады.
"1992 жылы, яғни 27 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік Рәміздері қабылданған болатын. Еуразия кеңістігінде орналасқан еліміз өзінің рәміздерімен тәуелсіз ел ретінде көк туын желбіретті. Қазақстан өз тарихында Әнұранымен, Елтаңбасымен, Туымен - Мәңгілік ел екендігін дәлелдеді. Тарихимызды ата бабаларымызда туларын желбіретіп билік жүргізген. Мемлекеттік рәміздер тұтастығымыздың, бірлігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізі. Көк туымыз мәңгі желбіресін, Елтаңбамыз мәңгі жарқырасын және Әнұранымыз мәңгі шырқалып алаш жұртының болашағы баянды болсын", – деді Мәлік Отарбаев.
Іс-шарада «Бисұлтан» би ансамблі «Түркістан биін биледі. «Семсер» тобы Толғау әнін орындады.
Жиында ақындар өлең оқып, әншілер отаншылдыққа шақыратын әндерді шырқады. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы айтылып, Түркістан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, асқақ рух тарту етілді.