Түркістанда облысында идеясы мықты жастар анықталды

0
335

Бағдарламаға қатысу үшін 130 адам өтінім беріп, шешуші кезеңіне 20 жоба қабылданды.


Түркістанда облысында идеясы мықты жастар анықталды

Түркістанда облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауында идеясы мықты жастар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, отандық инновациялық жобаларды іске асыруға көмектесу, оларды ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.


Бағдарламаға қатысу үшін 130 адам өтінім беріп, шешуші кезеңіне 20 жоба қабылданды.


Байқауда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің маманы Талғат Әбілпия, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан облысы «Атамекен» ҰҚП бөлім басшысы Әзірет Талғатұлы төрелік етті.


“Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Аталған жоба аясында Сарыағаш ауданына да келіп, ақпараттандыру жқмыстары жүргізілді. Жоба жазуды үйрену барысында өзімнің ойымдағы идеяны жазып, бүгін жеңімпаз атандым. Жоба арқылы кәсіп ашып, алдағы уақытта да дамытамын деген сенімдемін”, – деді І орын иегері Туралы Темірлан


Атап айтсақ, байқауда мына жастардың бағы жанды: 1-орын: Туралы Темірлан (Табиғи қытырлақтар өндіру (чипсы) – 500 000 тг; 2-орын: Райымжан Ақерке (Білім беру орталығы) – 300 000 тг; 3-орын: Токтан Оидин (Премиум саласындағы қораптар өндіру) - 100 000 тг; 3-орын: Тілеген Базаркелді (Тұрмыстық химиялық өнімдер өндіру және сауда айналымы) –100 000 тг.


Сонымен қатар қатысқан барлық қатысушыға 70 000 тг көлемінде ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді.