Түркістанда оннан астам нысан бұзылды

0
1 916

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһардың заманауи жаңа келбетін қалыптастыру мақсатында орасан зор жұмыстар атқарылып жатыр. Тіпті рухани астанамыздың бас жоспары да өзгерістерге ұшыраған. Бүгінде қаланың «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті 98 га жер теліміне 167 нысанға бағалау жұмыстары жүргізіліп, 86 нысанның меншік иелері бағалау құнына келісім берген. Бүгінде сол нысандарды бұзу жұмыстары басталып кетті.


Түркістанда оннан астам нысан бұзылды

Түркістан қаласының әкімдігі мемлекеттік мұқтажы үшін алынатын жер телімдері, жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

суреттерді түсірген: Антон Лещенко

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев Елбасының Жарлығына сәйкесТүркістан қаласындағы қарқын алған құрылыс жұмыстары үш бағытта іске асатындығын атап өткен болатын. Шаһардың бас жоспарын жобалауда бірінші бағыт «Тарихи аймақ» - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан тарихи аймақтағы 88,7 гектар жерге орналасқан 18 нысанды реставрациялау, екінші бағыт «Рухани-мәдени орталық» аймағы 98 гектар жерге жоспарланған. Ал, үшінші бағыттағы әкімшілік-іскерлік орталығының аймағы 700 гектарды құрайды. Онда облыстық әкімдік, басқармалар, департаменттер ғимараты, медиа орталық пен оқушылар сарайы, тұрғын үй кешендері сынды әлеуметтік маңызға ие нысандар салынады деп күтіліп отыр.

Осы мақсатты жобаның іс жүзінде орындалуы үшін Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті 98 га жер теліміне 167 нысанға бағалау жұмыстары жүргізіліп, 86 нысанның меншік иелері бағалау құнына келісім берген. Бүгінге дейін 12 нысанның құрылысы бұзылды. Жеке меншік иеліктен шығарылған жерлердің әр соттығына 515 мың теңге белгіленсе, тұрғын үйлерді тиісінше бағалауға белгілі мөлшердегі қосымша қаржы қаралған.

Аталған тұрғын үй иелерінің қатысуымен облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы жиын өткізіп, бұл Түркістанның туризм әлеуетін көтеруге арналған қадамдар екеніне тоқталды. Аймақ басшысы өз сөзінде ескі үйлердің орнына жаңа ғимараттар бой көтеріп, жылжымайтын мүліктерге - жер телімдері, қаржылай немесе баспаналармен қамтылатындығын атап айтқан болатын. «Рухани-мәдени орталық» аймағы - Түркістанның көне келбетін айшықтайтын құрылыстардың бір бөлігі іспетті. Ең маңыздысы Түркістанды қайта түлетуге арналған жобалар туризмді дамытуға айрықша қадам болмақ.