Аталған іс-шара сағат 15:00-19:00 уақыт аралығында өтеді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысының орталығында өзбек киносының күндері өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп аталып өткен болатын. Осы бастамалар аясында бауырлас халықтарымыздың жақындастығын тереңдетуге септігін тигізетін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған, соның жалғасы ретінде 2019 жылдың 11 қаңтарында Түркістан облысындағы өзбек киносының күндері өтеді. Түркістан қалалық мәдениет үйінде (Есімхан алаңы, №1) сағат 15:00-19:00 уақыт аралығында көрермен назарына бірқатар фильмдер ұсынылады.
Көрсетілім барысында:
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы, қоршаған ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттарын қолданып түсірілген «Слово Абая» деректі фильмі;
Шыңғыс Айтматовтың қиссасы аясында түсірілген «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмі;
«O’zbekkino» агенттігінің тапсырысы бойынша «O’zbekfilm» киностудиясы түсірген тарихи кинокартина «Ойкиз» ертегісі көрсетілетін болады.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8-776-776-77-87
дереккөз: Түркістан облысытық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөзі