Жобаның мақсаты жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.
"Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалы қос жобаны қолға алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында пандемия кезінде елге көмектесу мақсатында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "ӨМІР" және "ШИПА" атты 2 жоба басталды. Жаңа жобаны «Jas Otan» жастар қанаты және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Jas Turkistan» еріктілер қозғалысы үйлестіріп жүргізеді. Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының ғимаратында осы жобалар ресми түрде бастау алды.
Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық басқармасына Түркиядан әкелінген екі жасанды тыныс алу аппараты ұсынылса, 20-дан астам науқасқа шалдыққан мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек тапсырылды.
Атап айтсақ, «О2mir» жобасының мақсаты – қазір елімізде тапшы болып отырған оттегі аппараттарын шет мемлекеттерден өңіріміздегі емханаларға жеткізу. Ал «Shipa» жобасы арқылы орта деңгейдегі дәрі-дәрмектер қорапшасын дайындап, оны ауыл-аудандардағы әлеуметтік жағдайы төмен және де аз қамтылған көпбалалы отбасыларға отбасыларға тарату көзделген. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін ел жанашырлары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция өкілдері мен өзге де азаматтар қолдау көрсеткен.