Түркістанда республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті

0
45

Жастардың құқықтық мәдениеті мен өнер арқылы ой еркіндігін дамыту бүгінгі қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді.


Түркістанда республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті

Түркістанда республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті.


Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қатысып, командаларды құттықтап, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдаудың және мәдени бастамаларды дамытуға бағытталған жобалардың маңызын атап өтті.


Жастардың құқықтық мәдениеті мен өнер арқылы ой еркіндігін дамыту бүгінгі қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді.


Жайдарман ойыны жас таланттарды таныту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және елде бәсекеге қабілетті мәдени буын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Өнер додасын Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ президенті Есентүгел Елеукен жүргізіп, кештің атмосферасын айрықша өрнектеді.


Биыл республиканың әр өңірінен іріктелген 12 команда сахнада өнер көрсетті. Олар: «Жеңіс», «Q» құрамасы, «Меркістан», «Зертас» командасы, «Ату мини» командасы, «Сұрап алмадық» командасы, «Алма кю» құрамасы, «Абибас» құрамасы, «Абырой» құрамасы, «Джеки Шаңырақ», «Киров» құрамасы, «Эверест» құрамасы. Әр команда өз стилін, әзіл деңгейін, сахналық мәдениетін және шығармашылық ұстанымын ортаға салып, көрермен ықыласына бөленді.


Ойын соңында қазылар алқасы әрбір команда өнерін жан-жақты сараптады. Әзіл мазмұны, тақырыптың өзектілігі, актерлік ойын, сахналық мәнер және көрерменге жеткізу деңгейі негізгі бағалау өлшемдері болды. Қазылар команда мүшелерінің кәсібилікке ұмтылысы мен шығармашылық ерекшеліктерін жоғары бағалады.


Жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және өнер арқылы бірлік идеясын дәріптеуге бағытталған бұл республикалық дода өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кубогі табысталды.


Жеңімпаздар ұйымдастырушылар белгілеген сыйлық қоры аясында марапатталды. Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық командаларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Бөлісу