Түркістанда тағы бір отбасы баспаналы болды

0
1 048

Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыға «Үлес» қайырымдылық қорының мүшелері бірігіп, үй сыйлады.


Түркістанда тағы бір отбасы баспаналы болды

Түркістанда кезекті игі істің нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістанда кезекті игі істің нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыға «Үлес» қайырымдылық қорының мүшелері бірігіп, үй сыйлады.


Жаңа үйді табыстауға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева қатысты. Игі шарада құттықтау сөз алған Жарылқасын Әзіретбергенов аталық батасын беріп, жылы лебізін арнады.


Айта кетейік, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, бұл – 40-шы отбасының қуанышы. Үйдің иесі мен жары – ІІ топтағы мүгедектер. Олар ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отыр.