Қайта жаңартылып жатқан аумақ 15 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланған.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Әмір Темір көшесі бойындағы аллеяның абаттандырылу барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Абаттандыру жұмыстары 5 күн бұрын басталған орында 34 адам жұмыс істейді. Қайта жаңартылып жатқан аумақ 15 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланған. Көпшілік орын орындықтармен қатар, жасыл желекке оранады.
⠀
Жалпы, Түркістан қаласында саялы бақтардың саны артады. Тек орталық көшелер ғана емес, қала шетіндегі мөлтек аудандарда да футбол, ойын алаңшаларымен қатар, аллеялар мен скверлер салынуда.