Түркістанда жаңа қолөнершілер қалашығы ашылады

0
184

Әлемнің түпкір-түпкірінен келген қолөнершілер қатысады.


Түркістанда жаңа қолөнершілер қалашығы ашылады

Түркістан қаласында жаңа қолөнершілер қалашығы өз есігін айқара ашады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


26 қыркүйек күні Түркістанда халықаралық «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» фестивалі өтеді.


Фестиваль аясында:

Қолөнер бұйымдарының көрмелері

Шеберлік сабақтары

Ұлттық киімдер мен бұйымдардың жәрмеңкесі

Мәдени-танымдық бағдарламалар

Алғаш рет өтетін ауқымды FASHION SHOW өтеді.


Түркия, Моңғолия, Вьетнам, Қытай, Ресей Федерациясы, Татарстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген қолөнершілер қатысады.


Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қолөнершілер қалашығы (Керуен сарай кешені жанында)

Күні: 26 қыркүйек

Уақыты: қалашық ашылуы 10:00

Уақыты: форум басталуы 12:00

Бөлісу