Түркістанда жастар арасында флешмоб өтті

0
2 081

Акцияның негізгі бөлігіне сай сахна төрінде тәрбиелік мағынасы зор «Ақ пен қара» тақырыбында театрландырылған қойылым қойылды.


Түркістанда жастар арасында флешмоб өтті

Есім хан алаңында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің тапсырысы бойынша «Алтын орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасында флешмоб өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шара мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өзіне деген сенімділігін арттыру, рухын көтеру. Эстафета жолдау арқылы өңір жастарының достық қарым-қатынасын нығайту.

«26 қыркүйекте Шымкент қаласынан бастау алған керуен Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарынан соң Түркістан қаласына келіп жетті. Акция жастарды радикалды діни ағымдардан сақтануға, ғаламторда отырып уақытын бос өткізу, нашақорлық пен құмар ойындар секілді түрлі жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Акция керуені келесі кезекте облысымыздың аудан, қалаларына жол тартатын болады»,-деді облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысы Асылбек Ноғаев.
Акцияның негізгі бөлігіне сай сахна төрінде тәрбиелік мағынасы зор «Ақ пен қара» тақырыбында театрландырылған қойылым қойылды. Сонымен қатар, «Отан», «Тіл», «Туған ел» тақырыбындағы әндер шырқалып, шараның маңызын аша түсті. Шара соңында 200-ге жуық қала жастары флешмоб билеп, эстафетаны Кентау қаласына жолдады.