Жол белгілерін жаңарту оқушылардың мектепке бару және қайту барысында қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Түркістанда жол белгілері жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында білім беру мекемелерінің маңындағы жол бөлу сызбалары жүргізіліп, жаяу жүргінші өткелдері жаңартылып жатыр.
Жол белгілерін жаңарту оқушылардың мектепке бару және қайту барысында қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру мақсатында жаңа түсіндіру және ескерту белгілері орнатылып, жүргізушілер мен тұрғындар арасында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 430,1 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы қиыршық тасты жолдар санатына жатады.
Биыл ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артатын болады.