Асфальт төсеу жұмыстарын мамыр айының алғашқы онкүндігінде аяқтау жоспарлануда.
Түркістанда жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын Б.Майлин көшесін реконструкциялау жұмыстары басталып, орындалу деңгейі 30%-ды құрайды.
Ал Ә.Жангелдин көшесінде жалпы ұзындығы 600 метр жол құрылысы жүзеге асырылуда. Оның 400 метр бөлігінде жол негізі, жиектастар, суағар науалар, жарықшам бағаналары, аяқжол және веложол құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Сығанақ көшесінде ұзындығы 3 шақырым болатын жолды жаңарту жұмыстары іске асырылуда. Асфальт жабынын фрезалау толық аяқталып, аяқжол салу жұмыстары жалғасуда. Асфальт төсеу жұмыстарын мамыр айының алғашқы онкүндігінде аяқтау жоспарлануда.


