Түркістандағы веложолдар жаңартылып жатыр

0
205

Жол жөндеу және жаңарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғаспақ.


Түркістандағы веложолдар жаңартылып жатыр

Түркістанда веложолдарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағында жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде веложолдарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Б.Саттархаев даңғылы бойында жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын аумақта веложолдар әрленуде.

Сонымен қатар, Қызылорда тас жолы бойында 12 шақырым, Кентау тас жолы бойында 3,5 шақырым, Байбүрт көшесінде 1 шақырым және С.Қожанов көшесінде 1,5 шақырым аумақта арнайы веложолақтар сызылып, пайдалануға дайындалуда.

Жол жөндеу және жаңарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғаспақ.

Бөлісу