Түркістанды дамытудың 2-кезеңіне жоспарланған жаңа жобалар пысықталды

0
423

Кешенді жоспарға 141 іс-шара енгізілді.


Түркістанды дамытудың 2-кезеңіне жоспарланған жаңа жобалар пысықталды

Ө.Шөкеев Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде жүзеге асатын жобалардың барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне жоспарланған жаңа жобалардың барысын пысықтады. Бұдан бөлек, аймақ басшысы көгалдандыру жұмыстарына жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Түркістан қаласы дамуының 1-кезеңі аяқталғанын ескере отырып, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспары бекітілгені белгілі. Кешенді жоспарға 141 іс-шара енгізілді. Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 77%-ы жеке инвестициялар болып саналады.