Түркістанды сумен қамтамасыз ететін қойма салынып жатыр

0
840

Құрбан айт мерекесінде көмек қолын созамын деген азаматтар үшін онлайн құрбандық шалу іске аспақ.


Түркістанды сумен қамтамасыз ететін қойма салынып жатыр

Бұл туралы шаһар басшысы Түркістан қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткізген тікелей эфирде мәлім етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы бау-бақша, жасыл желектерге су көп қажет болатын жаз мезгілінде техникалар жиі істен шығып жатады. Сондықтан, қалаға су жүйесі Кентау қаласынан келетіндіктен, облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бастап Түркістанның өз су қоймасының құрылысы жүргізілуде.

«Бірнеше күн су болмады, алайда біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Ол үшін өзімнің және әріптестерімнің атынан кешірім сұраймын. Қолдан келгенше күн-түні қалпына келтіру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз», - деген Рашид Абатұлы жуық арада Түркістанды сумен қамтамасыз ететінсу қоймасы жайлы да айтып өтті.

Сондай-ақ, бірнеше күннен соң барша мұсылман қауымының мерекесі Құрбан айттың да жақындап қалғанын ескеріп, қазіргі жағдайға байланысты құрбандықты үйде шалуға және барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Жалпы, биыл Құрбан айт мерекесінде көмек қолын созамын деген азаматтар үшін онлайн құрбандық шалу іске аспақ. Ол үшін арнайы сайт та жасақталып жатыр.