Түркістандық 100-ден аса кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы көтеріледі

0
1 265

Бүгінде өңірде 9 мың 798 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақ басшысының айтуынша, қазір ең төменгі жалақыны көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Түркістандық 100-ден аса кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы көтеріледі

Түркістан облысында 100-ден аса кәсіпорын келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшыларының жалақысын көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткен көшпелі отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

«Жолдауға сәйкес облыстағы кәсіпорын басшылары ең төмен жалақыны көтеру мәселесін қолдап, іске кірісіп кетті», – деді аймақ басшысы.

Бүгінде өңірде 9 мың 798 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақ басшысының айтуынша, қазір ең төменгі жалақыны көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, «Түркістан жарық-тазалық» мемлекеттік мекемесі алдағы жылы жалақыны 30 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Мұнда 240 адам жұмыс істейді. Олар қаланың тазалығы, түнгі жарықтандыру және көгалдандыру мен абаттандыру жұмысымен айналысады.

Сабыр Досжанов, «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі директорының орынбасары: Жайлы, жайсыз үй деп аталады. Адам басына – 105 теңге, ал үлкен көшеде тұратындарға 122 теңгеден қаржы жинаймыз. Мәслихаттың бекітілген шешімімен қаулы бар. Сол қаржының есебінен жалақыны көтеруге мүмкіншілігіміз бар."