Түркістандық 20 жанұя пәтерлі болады

0
1 248

4 нысанның жалпы құны 493,1,0 млн теңгені құрайды


Түркістандық 20 жанұя пәтерлі болады

ERNUR.KZ. Жақын арада 20 жанұя қоныстойын тойламақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылы Түркістан облысы Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жалпы құны 493,1,0 млн теңгені құрайтын 4 нысанның (білім саласы бойынша – 1, тұрғын үй саласы бойынша – 2, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша – 1 нысан) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда:

1. «Шардара қаласындағы 4-мөлтекауданның 1-кезеңіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы» нысанына мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 411 941,9 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін аяқталуы тиіс.

2. «Шардара қаласы, Астана көшесінде орналасқан 4 қабаттты үйдің құрылысы» нысанының конкурстық құны – 371 млн. 840 мың теңге. 2018 жылы облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Қалған қаржысының 200 млн. теңгесін бөлдіру үшін жұмыстар жасалуда.

3. «Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесінде орналасқан 4 қабатты үйдің құрылысы» нысанының конкурстық құны – 372 млн. 317 мың теңге. Облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Бұл нысан бойынша да қалған қаржысының 200 млн. теңгесін бөлдіру үшін жұмыстар атқарылып жатыр.

4.«Шардара қаласы, Мұнай база ауылынан №4 Ы.Алтынсарин атындағы 60 орындық бастауыш мектеп құрылысы» нысанының конкурстық құны – 215 млн. 477 мың теңге. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, оның 40 млн. теңгесі толық игерілді. Қаржысы толық бөлінген жағдайда құрылысты ағымдағы жылдың желтоқсан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық бюджеттен 163,0 млн теңге қаржы бөлініп, Шардара қаласы, 4 мөлтек ауданнан 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Аталған 20 пәтер таяу уақытта ел игілігі үшін пайдалануға берілмек. Яғни, жақын арада 20 жанұя қоныстойын тойламақ.