Түркістандық аудандар Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп жатыр (фото)

0
1 266

Аталған жәрмеңке Шымкент пен Түркістан облысының қарым-қатынасын нығайту үшін апта сайын ұйымдастырылады.


Түркістандық аудандар Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп жатыр (фото)

Шымкент қаласында Түркістан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, бұл жәрмеңкеге Түркістан облысының Төлеби және Отырар аудандарының түрлі ауылшаруашылығы өнімдері қойылып, арзан бағада сатылып жатыр. Оның ішінде сиыр және қой еті, қымыз-қымыран, көкөністің барлық түрімен қатар, сүт өнімдері және ара балы секілді күнделікті тұтынатын заттар бар. Қазіргі уақытта таңмен таласа басталған жәрмеңкенің саудасы қызып, сатып алушылар саны арта түсуде.

Аталған жәрмеңке жайлы Отырар ауданының көшін бастап келген аудан әкімінің орынбасары Жаппарқұлов Пердехан Абайұлы өз пікірін білдірді.

"Бұл жәрмеңкенің негізгі мақсаты Түркістан облысы мен Шымкент қаласының арасындағы қарым-қатынасты нығайту болса, әр аудан ол игі бастамаға өз үлесін қосуы қажет. Осы мақсатта бүгін Отырар ауданының 13 ауыл округтерінен жиналған 32 тауар өндірушілердің 15 тоннадан астам өнімін әкеліп отырмыз. Оның ішінде жылқы, сиыр, қой еті, бақша және сүт өнімдері бар. Сонымен қатар, тарихы терең Отырардың көрмесін де ұйымдастырдық", - дейді Пердехан Жаппарқұлов.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов пен орынбасарлары арнайы келіп аралаған жәрмеңкеге Төлеби ауданынан 50 тоннадан астам өнім әкелінген және барлық зат тұрғындарға қолжетімді бағада сатылып жатыр.

Оған қоса, аталған аудан өнерпаздары қала тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырып, ән шырқада.

Айта кетейік, бұл іс шара Шымкент қаласында апта сайын түркістандық әр ауданның қатысуымен өтіп тұратын болады.