Түркістандық әжелер спорт түрлерінен сайысқа түсті

0
2 701

Волейбол, арқан тарту, қол күресі, дойбы мен шекем тас ойындары бойынша бақтарын сынады.


Түркістандық әжелер спорт түрлерінен сайысқа түсті

Арыстық әжелер 5 түрлі спорт түрінен сайысқа түсті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласында «Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз» атты шара аясында ақжаулықты әжелер спорттың 5 түрінен сайысқа түсті. Арыс қаласы мен шаһарға қарасты ауылдық округтерден келген әжелер волейбол, арқан тарту, қол күресі, дойбы мен шекем тас ойындары бойынша бақтарын сынады. Жарысты бақылауға қалалық ардагерлер ұйымы мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Волейболдан Арыс қаласының «Ақ әжелер» командасы ешкімге дес бермей, 1-орынды алса, 2-орын Ақдала ауылдық округінің «Айпара Ана» командасына, 3-орын Монтайтастық «Үкілім-ай» әжелер командасына бұйырды. Ал арқан тарту сайысынан Монтайтастан келген әжелерге ешкім тең келген жоқ. Аталған сайыста Арыс қаласының әжелері 2-орынды, ал «Ақдала әжелері» 3-орынды иемденді. Ұлттық ойын - шекем тастан 1-орынды арыстық Шахапова Мадина, 2-орынды Ақдала ауылдық оркугінен келген Әтишова Ажар, 3-орынды байырқұмдық Мәуленова Ұлтуар иемденді. Сонымен қатар, қол күресі байқауынан 1-орын Қарабасова Айымкөзге (Арыс қаласы) бұйырса, 2-орын Таласова Бибайшаға (Жиделі) табысталды. 3-орын Қарынбаева Күләшқа (Ақдала) берілді. Ал дойбы ойыннан Арыс қаласынан Мұсалиева Арафа апаның мерейі үстем болса, ақдалалық Киізбаева Индира апа жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орын Монтайтас ауылының намысын қорғаған Рыскүл Аманбекова апаға бұйырды.

Жарысқа қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізген

ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар және арнайы алғыс хаттар табысталды.