Ең әсерлісі — 59 жастағы науқастың доноры оның 22 жастағы қызы Рахимова Нурай болды.
Алғаш рет Түркістан облысында тірі донордан бауыр трансплантациясы облыстық клиникалық аурухана мамандарымен өз күшімен сәтті орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде алғаш рет тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы өз мамандарының күшімен сәтті орындалды.
Бұл операция Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы үшін бауыр трансплантациясы бойынша алтыншы операция болды.
Бұған дейінгі бес бауыр трансплантациясы академик, профессор Болатбек Бимендеевич Баймахановтың жетекшілігімен орындалған.
Алтыншы трансплантация аурухана үшін жаңа маңызды кезең болды. Операцияға басқа өңірлердің мамандары тартылмай, алғаш рет ОКА-ның өз трансплантологиялық командасы тарапынан өз күшімен орындалды.
Күрделі жоғары технологиялық операция аурухана мамандарының кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, командалық жұмыстың үйлесімділігін және жинақталған тәжірибесін көрсетті.
Ең әсерлісі — 59 жастағы науқастың доноры оның 22 жастағы қызы Рахимова Нурай болды.
Қызы анасына донор болу туралы ерікті түрде шешім қабылдап, барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті.
Бір кездері анасы қызын өсіріп, қорғап, аялап еді. Бүгін қызы анасына ең қымбат сыйды — өмірін жалғастыруға мүмкіндік сыйлады.
Реципиент: 59 жастағы әйел.
Диагнозы: вирустық этиологиялы бауыр циррозы (В гепатиті), гепатоцеллюлярлық карцинома, портальды гипертензия, гиперспленизм синдромы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, асцит, бауыр энцефалопатиясы.
MELD — 13 балл.
Операцияға қатысқан мамандар:
Хирург-трансплантологтар:
▪️ Мауленов Нурлан Байбекович — ОКА басшысы
▪️ Досханов Максат Оналбаевич — хирургиялық ісі жөніндегі басшының орынбасары
▪️ Е.М. Тауасаров
▪️ Н.Т. Садуакас
▪️ Н.Ж. Жұмабек
▪️ А.А. Алипбек
Анестезиологтар:
▪️ А.М. Мамиров
▪️ Е.Б. Муталиев
▪️ А.Р. Пралиев
Қазіргі таңда анасы мен қызы дәрігерлердің бақылауында.
Бұл — өңірлік медицина үшін маңызды жетістік әрі үлкен командалық еңбектің нәтижесі.
Түркістан облысында трансплантология саласы дамып келеді. Өңір мамандары күрделі жоғары технологиялық операцияларды өз күшімен орындауға дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.


