Түркістандық депутат ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты

0
2 034

Аппаратты өз жанұясының атынан сыйлаған.


Түркістандық депутат ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Депутат Жетісай аудандық орталық ауруханасына құны 700 мың теңге болатын жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өмірде себепсіз жақсылық жасайтын адамдар өте көп. Жақсылық жасау үшін тек ниетің дұрыс болу керектігін тағыда бір дәлелдеген азамат – Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, жас та болса талай іске бас болып жүрген Жұмағали Төреқұл. Ол өз жанұясының атынан Жетісай аудандық орталық ауруханасына құны 700 мың теңге болатын жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.

"Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай демеу көрсете алатын өзің сияқты азаматтар көп болсын. Бұл аппарат біздер үшін өте бағалы құрал. Бұдан былай елде тек жақсы жаңалықтар көп болын. Ешқашан ауырмаңыздар", - дейді Жетісай аудандық орталық ауруханасының басшысы Нұрлан Жолдасбеков.

Ал Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Примбеков Серік: "Дәл қазіргі жағдайда жақсылығы қара басының қамынан аспайтын, болмашы жерден пайда көріп қалсам деген жандар жетерлік. Тиын тұратын дәріні теңгеге сатып жатқан кәсіпкерлерді де көз көрді. Оларға құдай сана берсін дейміз. Бізде өз тарапымыздан «Елдің қайғысы менің қайғым» деп жақсылық жасаған бауырымызға рақметімізді айтамыз" - деп ризашылығын білдірді.