Түркістандық депутаттардың ықпалымен көпір мен автобустар жаңарды

0
2 813

Бұл мәселе мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесулерде   қозғалған.


Түркістандық депутаттардың ықпалымен көпір мен автобустар жаңарды

Жол картасы бойынша Түркістан өңірінде қоғамдық көліктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар басталып кетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласының тұрғындары Кентау-Байылдыр бағытындағы автобустарды жаңарту, қызмет сапасын жақсарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Бұл түйткіл мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесулерде де қозғалған. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық фрацкиясының мүшесі, депутат Ұ.Мұсаханова жергілікті әкімдікке аталған мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде депутаттың ұсынысы қабылданып, автобус мәселесі шешілді.

Бүгінде ара қашықтығы 10 шақырымға жуықтайтын Кентау-Байылдыр бағытында 2 жаңа шағын автобус жұмысқа кірісті. Автобустар 15-20 минут аралығында жүреді. Жол ақысы – 60 теңге. Тұрғындар дер кезінде өтінішке құлақ асып, мәселені шешуге мұрындық болған нұротандық депутаттарға ризашылықтарын білдірді. Осылайша, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша өңірде қоғамдық көліктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар басталып кетті.

Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 320 мандаттың 263-ін "Nur Otan" партиясының өкілдері иеленген. Бүгінде жетекші партия фракциясының өкілдері «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бағытында нақты жұмыстар атқарып жатыр.

Сондай ізгі істің бірі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында атқарылды. Аудандық мәслихаттың жас әрі іскер депутаты Данияр Көбеев аудандағы Қонаев пен Жанысбеков көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірін өз қаражатына қайта жөндеуден өткізді. Жүруге қауіпті әрі ескі көпір жаңартылды. Қазығұрт ауданының бас имамы Мұрат Әлімбековтің бастамасын қолдаған жас депутаттың игі қадамын Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов та жоғары бағалады.

Жалпы Қазығұрт ауданында «Nur Otan» фракциясының депутаттары өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұған дейін де мәслихат депутаттарының көмегімен бірнеше отбасыға нақты көмек көрсетіліп, өтініштер оң шешілген болатын.