Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында топ жарды

0
191

Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты.


Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында топ жарды

Самарқан қаласында академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өзбекстанның Самарқан қаласында академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 35 спортшы болса, оның 12-сі Түркістан облысының өкілдері болды. Түркістандық спортшылар түрлі сындарда 2 күміс, 4 қола медальға ие болды.


W8+ командалық сайысында жерлестеріміз – Мария Лебедева, Ангела Полянина, Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова күміс медаль еншіледі. Ал LW4x бағдарламасында Кеңес Роза күміс жүлдеге қол созды. Сондай-ақ қола жүлдегерлер қатарында Әділет Керімбек (LM2x бағдарламасы), Қуаныш Бекбембетов (LM4), Ангела Полянина, Мелани Жакупова (В4-), Галкин Владислав, Чернухин Иван (M4x) сынды таланттар бар.

Бөлісу