Түркістан облысының каратэден аға бапкері Боран Төлеевтің еңбегі ерен.
Дубай қаласында каратэден ересектер арасындағы əлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
16-21 қараша аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында каратэден ересектер арасындағы əлем чемпионаты өтті. Дүбірлі сында Қазақстан ұлттық құрамасы жақсы жетістікке жетті. Еліміздің намысын қорғаған əлемдік додада командалық кумитэ бағдарламасында ұлттық құрама сапында Түркістан облысының талантты спортшылары Спандияр Еркебек және Абылай Төлтай қола жүлдегер атанды.
Бұл жеңіске Түркістан облысының каратэден аға бапкері Боран Төлеевтің ерен еңбегі бар. Оның шәкірттері сенімді ақтап, Қазақстанның ортақ жеңісіне үлес қосты. Отандастарымыз қола үшін болған тайталаста Түркияны 3:1 есебімен жеңді.
Ал жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын.