Түркістандық кәсіпкер 20 отбасының балаларына оқу құралдарын сыйлады

0
537

Жыл сайын өзінің қолдау білдіріп келеді.


Түркістандық кәсіпкер 20 отбасының балаларына оқу құралдарын сыйлады

Бәйдібектік кәсіпкер 20 отбасыға демеушілік жасап, мектепке қажетті оқу құралдарын әперді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Сәбит Молдабеков биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай елді мекендеріндегі тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдарын әперді.


Борлысай ауылдық округінде туылған азамат қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Сәбит Молдабеков елі мен жерін ұмытпай, туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін білдіріп келе жатқан азаматтың бірі. Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді.


Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасап, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азамат Сәбит Молдабековке жерлестерінің алғысы шексіз.