Түркістандық кәсіпкер ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын сыйлады

0
1 308

Бұл аппараттар екі ауруханаға берілді.


Түркістандық кәсіпкер ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын сыйлады

Созақтық кәсіпкер жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Созақ ауданынан шыққан кәсіпкер орталық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.

Ауданның тумасы, шолаққорғандық кәсіпкер Нұрланов Базарбай 2 дана тыныс алу аппаратын өз қаржысына сатып алған.

«Қазіргідей қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай аурулардың өміріне араша болуға мүмкіндік беретін жасанды тыныс алу аппаратын сыйлаған Базарбай Нұрланов ағамызға үлкен ризашылығымыды білдіреміз. Енді дәрігерлер науқастарға уақытылы көмек көрсете алады»,- дейді аудандық арухананың бас дәрігері Талғат Қалдыбеков.

Бұл оттегі концентраторлары Шолаққорғандағы орталық аурухана мен Таукент кентіндегі ауруханаға табыс етілді. Айта кету керек қатаңдатылған карантин режимі шілда айының соңына дейін ұзарды. Осыған орай облыс аумағында карантин талаптары күшейтіліп, тұрғындарды сақтыққа шақыру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта аудан, қалалардағы арнайы мониторингтік топтар түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, барлық жағдайды бақылауға алған.