Түркістандық кәсіпкерлер білім саласына қамқорлық танытып жатыр

0
708

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері қаралды.


Түркістандық кәсіпкерлер білім саласына қамқорлық танытып жатыр

Түркістан облысының кәсіпкерлері білім саласына қамқорлық танытуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кеңес жанынан құрылған білім беру мен медицинаны дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың басқаруымен өткен дөңгелек үстелде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері қаралды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков 2019 жылдан бастап Палата бұл мәселені бірнеше рет, оның ішінде Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының Түркістан облыстық филиалы атынан көтергенін атап өтті. Ал, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы 2021 жылға арналған жоспар бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі аудандық немесе қалалық әкімдікке емес, адами әлеуетті дамыту басқармасына берілетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта келесі жылға есептеулер жүргізілуде. Тиісінше, есептеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы біріге отырып, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетіне ұсыныс жолдау арқылы, оң шешімге қол жеткізуді жоспарлауда.

2020 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері бойынша Кентау қаласы мен Сайрам аудандарында көтерілген мәселелер оң шешімін тапқан. Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, мемлекеттік шағын орталықтардың қазіргі жай-күйін бақылау және олардың санын кезең-кезеңімен қысқарту үшін мониторингтік топ құруды ұсынды.

Күн тәртібінде сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшылығы мектептерді сенімді басқаруға сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауға дайын. Отырыста балабақшаларды сенімгерлікке берумен қатар, кезеңімен толық жекеменшікке беруге басым бағыт берілетіндігі айтылды.