Түркістандық механик мемлекеттік наградамен марапатталды

0
62

24 жылға жуық еңбек жолы – бір адамның емес, тұтас бір саланың тарихындай.


Түркістандық механик мемлекеттік наградамен марапатталды

Сайрам ауданының механигі мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңдай терімен елге қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі лайықты түрде ұлықталуда. Солардың бірі – Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесінде бас механик болып еңбек етіп жүрген Дулат Аралбаев.


Астана қаласының төрінде ол көп жылғы адал еңбегі мен кәсібіне деген жауапкершілігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


24 жылға жуық еңбек жолы – бір адамның емес, тұтас бір саланың тарихындай. Ол еңбек жолын 1990-1996 жылдары «Қызыл жұлдыз» колхозында механизатор болып бастап, ауыл шаруашылығының бел ортасында шыңдалды. Кейін Түлкібас ауданындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де, түрлі жауапты қызметтерде тәжірибе жинады.


2015-2024 жылдары «Пістелі» шағын жинақты бастауыш мектебінде қойма меңгерушісі болып, білім саласындағы тәртіп пен жауапкершілікті қамтамасыз етті. Ал 2024 жылдың мамыр айынан бері «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесінде бас механик ретінде аудан тіршілігінің бірқалыпты жүруіне өз үлесін қосып келеді.


Дулат Аралбаев – ісіне мығым, сөзіне берік, ұжыммен тіл табыса білетін, қарапайымдылығымен құрметке ие азамат. Оның еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ ел өмірі үшін аса маңызды еңбектің айқын үлгісі.

Бөлісу