Түркістандық оқушы бір миллион теңгеге ие болды

0
1 982

Жеңімпаз қырық жеті үміткердің арасынан оқ бойық озық шыққан.


Түркістандық оқушы бір миллион теңгеге ие болды

Түркістанда «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқудан «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет сарайында «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің жеке жобасы – «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті.

Атап айтсақ, байқау барысында Түркістан облысының 16 аудан, қаласынан іріктелген 47 жырсүйер бала «Қобыланды батыр» жырын бастан-аяқ, толық жатқа айтудан сайысқа түсті. Нәтижесінде жеңіске жеткен Созақ ауданының оқушысы Өсер Тұран 1 млн. теңге, ал оны дайындаған ұстазы 2 млн. теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, тағы да бір созақтық оқушы Шалтай Рәбил екінші орын алып, 600 мың теңге және ұстазы 2 млн. теңге сыйақы иеленсе, үздік үштікті қорытындылаған Төлеби ауданының оқушысы Тұрмахан Нұрсұлтан 300 мың, ұстазы 600 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, аталған «Qazaq Epos» ағарту жобасы аясындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» жыр додасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.